Ертең, яғни, 2016 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің сайлауы болады.
Астана қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, еліміздің өзге аймағына тіркелген 20 мыңнан астам азамат Астанада қалаған үміткеріне дауыс береді екен. Олар ендігі қалалық әкімдікке тіркеліп үлгерген.
Ертең Елордадағы саяси науқанда үш мыға жуық полиция қызметкері сайлаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал сайлау учаскелері ендігі жиырма төрт сағат бойы қатаң қадағалауға алынған.
Астана қалалық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ерлан Қаналимовтың айтуынша, кәмелеттік жасқа толған және сайлауға бірінші рет қатысатын жас сайлаушыларға, сондай-ақ, 20 наурызда туғандарға арнайы сыйлықтар табысталады. Негізінен үтік, шайнек, ыдыс-аяқ сияқты заттар.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ