СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Алматылық жас өнерпаздарға құлақтандыру: 2017 жылдың 20 қаңтарында, сағат 17.00 – 18.30 аралығында Сәуле Жанпейісова «Алатау» өнер театрындағы «Аманат» атты жеке өнер студиясында көпшілік қауымға арнап «Әншілік өнер» тақырыбында тегін шеберлік сабағын өткізеді.

Екінші сыныпта оқып жүрген кезде сахнаға алғаш рет шыққан ол көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, «әнші қыз» атанады. Бойындағы сол асыл қасиетті шыңдай түскен Сәуле Стаханшылқызы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің Батыс ән дәстүрі бойынша класына қабылданады. Кейін әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті филология факультетін аяқтап, Ұлттық Консерваторияға оқуға түседі. Париждегі «ЮНЕСКО» залында ұлттық нақыштағы әндерді шырқаған Сәуле Жанпейісоваға француздар да таңдай қағыпты. Ғылым жолындағы ізденісі мен өнерге деген махаббатын ұштастыра білген ол 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады. Сондай-ақ, көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы. Әншілігімен қатар тележүргізушілік қабілетін тыңдармандарына «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасы арқылы танытқан Сәуле Стаханшылқызы 20 қаңтардағы тегін шеберлік сабағында талай жылдық тәжірибесімен бөліспекші.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

KONYA 13th “ A THOUSAND BREATHS, ONE VOICE”, INTERNATIONAL THEATRE FESTİVAL

Назия Жоямергенқызы

«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2020

ttjk

«Салалық журналистика: мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер»

Назия Жоямергенқызы