«Qolda» шағын бизнеске көмектесті

0
55 қаралды

 

2020 жылы мамырдың ортасында «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы Еуразия Орталық Азия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы аясында басталған болатын. Бастама әртүрлі деңгейдегі шағын кәсіпорындар пен жеке кәсіпкерлерге карантин мен ТЖ кезінде көмектесуге бағытталған.

Елімізде коронавирустың зарбадын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде отбасылық компаниялар да тартып отыр. Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының  дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген фирмалардың  70%-дан астамы – отбасылық компаниялар.

Жоба барысында топтық және жеке консультациялар, тренингтер, кездесулер, вебинарлар өткізілді, сонымен қатар бизнеске арналып жеке даму жоспарлары жасалды.

50%-дан астам кәсіпкерлер интернетке көшу мәселелері, карантин мен ТЖ жағдайында жұмыс істеу бойынша хабарласты.  25%  кәсіпкерлер бизнесті жабуды немесе уақытша тоқтатуды жоспарлаған.  95% мемлекет тарапынан ешқандай көмектің жоқтығын, дағдарыс уақытында жұмыс жасауға мүмкіндіктің аз екенін айтты. 99% кәсіпкерлер пандемияға байланысты басталған экономикалық дағдарыстың зардабын тартқан, оларға психологиялық және моральдық көмек қажет болды.

Нәтижесінде 288 жеке даму жоспары жасалды. Онда кәсіпкерлер артық шығынсыз жүзеге асыра алатын дағдарысқа қарсы әрекеттер жинақталған. 2000-ға жуық бизнес бойынша мамандар мен психологтардың  жеке консультациялары өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік тақырыбында  21вебинар мен 14 мотивациялық кездесу өтті.

«Процесстерді құру, жоспарлау, ЖДЖ дайындау – «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы аясында кәсіпкерлерді алаңдатқан негізгі сұрақтар. Жабылудың алдында тұрған компаниялар да біздің көмегімізге жүгінді. Кейбір кәсіпкерлерге бизнесті сақтап қалуға ықпал етсек, кейбіріне заңды түрде қызметін тоқтатуға немесе уақытша тоқтатуға көмектестік. Батыл қадам жасауға қорыққан кәсіпкерлерде болған өзгерістерді көріп қуандық. Бұл жерде кәсіпкердің орнына бірнәрсе істеп беру емес, оған қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беру маңызды. Тіпті олардың жаңаойларын дер кезінде мақұлдаудың өзі де нәтиже береді», – деп атап өтті  Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының бизнес-процесстер бойынша сарапшысы Татьяна Шпилькова.

Қазақстан отбасылық бизнес ассоциациясының бизнесті дамыту бойынша сарапшысы Аида Қамысованың айтуынша: «Жоба барысында біздің кәсіпкерлеріміздің ертеңгі күнін ойламайтынына көз жеткіздік. Олар «қауіпсіздік жастығын» жасауды ойламайды және бизнеске түскен пайданың барлығын өзінің табысы ретінде көреді. Біздің микробизнес өкілдерінің қаржылық сауаттылығының мүлде төмен екеніне көз жеткіздік».

Нәтижесінде 20% жуық кәсіпкерлер дер кезінде кәсібіне өзгеріс енгізе алды. Канцелярлық тауарлар дүкенінің директоры Айгүл Рахимова «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасының арқасында кәсібін офлайннан онлайнға көшірді. «Қазір жалдамалы офистен бас тартып, қойманы ғана қалдырдым. Қазір компанияның барлық қызметкерлері қашықтан жұмыс істеп отыр. Біз шығындарды азайтудың арқасында, жағдайды ұтымды пайдаландық деп айта аламын» ,-дейді Айгүл.

Жоба қорытындысы бойынша бизнестің әртүрлі бағыттары бойынша қызмет көрсететін сарапшылардың бірыңғай базасын жасау туралы шешім қабылданды. Сервис  2020 жылы қазанда іске қосылады. Оны ҚР бойынша барлық кәсіпкер пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасына Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен бірге карантиннің халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру мақсатында  ұйымдастырып жатқан «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында қаржылай қолдау көрсетілген болатын.

 

ОАЕҚ – Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» корпорациясы – дүниежүзіндегі ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдау; көлік отыны мен майлау материалдарын қайта өңдеу, өткізу, және тарату; мұнай химия өнімдері мен қосымшаларды өндіру және сату; және компанияның әр саласындағы тиімділікті нығайту технологияларын жүзеге асырумен айналысамыз.

«Шеврон» Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жекеменшік мұнай өндіруші және елдегі екі ең ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ жобалары акцияларының едәуір бөлігіне ие. Сондай-ақ, «Шеврон» Каспий құбыр желісі консорциумының ең ірі жекеменшік акционері, сонымен қатар, Атыраудағы полиэтилен құбырлар зауытына иелік етеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.