Президент Степногорск қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды

Спорт мектебінде бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1140 бала спортпен шұғылданады. Сабақты 30 жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.

Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тәрбиеленушілерінің оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ауыр атлетика залы мен үлкен ойын залы таныстырылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мектепті аралап көргеннен кейін өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті. 

Президент қазақстандық спортшылардың өнерін әрдайым тамашалайтынын және қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін спортшыларға алғыс айтып, еліміздің шетелдегі имиджін арттыруға қосқан олардың үлесіне тоқталды.

Шара соңында Мемлекет басшысы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Дүниежүзілік қысқы универсиада чемпионы биатлонист  Бекентай Тұрлыбековке Алғыс хатын табыс етті.

t.me/aqorda_resmi

Related posts

МЕМЛЕКЕТ ӘР БАЛАҒА 70 000 ТЕҢГЕ БЕРЕ МЕ?

ttjk

Қазақстан — интернеті ең арзан ел

editor

«Билерді» бақылауға алу керек

editor