МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМГЕ КӨҢІЛ БӨЛЕДІ

ҚР президенті Қ.Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Туризмге қатысты баяндама жасаған әкім 2022 жылы Маңғыстау облысында құны 25 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 15,8 пайызға артып, 762 миллиард теңгеге жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 75,3 мың бірлікке жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға өскен.

Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,6 есеге ұлғайған. 2022 жылы Маңғыстау өңіріне шетелдер мен ел аймақтарынан 231 мың турист келген.

Былтыр 12 ауылға су құбыры тартылды. Облыстағы ауызсу тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұшыту қуаты 286 мың текше метр болатын 9 жоба жүзеге асырылған.

Н.Ноғаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру, Ақтау қаласының инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, МАЭК кәсіпорнын қайта жаңғырту мәселелері туралы есеп берді.

Related posts

БҰРСАДАҒЫ ADRENALIN PARK

ttjk

KKTC Turizm ve Çevre Bakanı Antalya’da

Улудаг: горнолыжная зона Бурсы

ttjk