Отандық мүсіншілердің өнері озық шықты

«Қазақстандық мүсіншілер Қытайдың Цзямусы қаласында өткен қар-мұз фестиваліне қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді» деп жазды inform.kz.

Үш адамнан құралған қазақстандық команда ат үстінде садақ тартқан қазақ батырын мұздан ойып шығып, қазылар алқасының оң бағасына ие болған. Осылайша отандастарымыз үшінші орыннан көрінген. Халықаралық мұз ойма додасына Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Мексика және Малайзия сияқты 10 елден 30-ға жуық мүсінші қатысып, 4 күнде туындыларын мұздан ойып шықты.

Қазақстан командасының капитаны Жолдас Ершаттың айтуынша, командаластары 2011 жылдан бері қаланы сәндеу жұмыстарымен айналысып келеді. Ал 2015 жылдан бастап елімізде мұз қалашықтар салу және мұз ойма жасау жұмысын атқарған. Қазылар алқасы қазақстандық команданың мұз туындысын жоғары бағалаған екен.  Осы жарыстан кейін мүсіншілерге әр елден ұсыныстар түскен. Бүгіннің өзінде оларға Чуңчин қаласындағы фестивальге шақырту келіпті.

Related posts

Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София

ttjk

2024 жылғы Олимпиаданың тұмары «Анадолы текті Фригия қалпағынан» шабыттандырады

Назия Жоямергенқызы

Адреналиновые приключения ждут вас в местах для серфинга Тюркегского моря

Назия Жоямергенқызы