Астанада шалшықта шомылғандардың әрекеті қалай аяқталды?

Қазнетте Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жаңбырдан пайда болған шалшықта жатқан екі ер адамның видеосы тарап жатыр. Роликке «Кредитсіз, ипотекасыз және жалдау ақысынсыз өмір» деген ирониялық жазба қалдырылған. Алайда видео кейіпкерлері үшін бұл оқиға қамауға алумен аяқталды.

Видео полицияның назарын аударды

Кадрлардан ер адамдардың шалшық судың ішінде ішімдік ішіп, аяқтарымен балаларға қарай су шашыратқанын көруге болады.

Видеодан алынған кадр

Полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтады. Олар 37 жастағы А. С. және 35 жастағы В. Л. есімді азаматтар болып шықты. Екі ер адам да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Видеодан алынған кадр

Сот шешімімен А. С. 25 тәулікке, ал В. Л. 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін баса айтты. Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағылардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзбауға шақырды.

Tengrinews.kz

Related posts

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

editor

Романтикалық мереке — Валентин күнін Стамбұлда тойлаңыз

ttjk

Қарулы күштері жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

editor