«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Алматы қаласында «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы «Еркін сөз» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік телесюжет» номинациясын «Тараз 24» телеарнасының тілшісі Гүлнәр Тайжан, «Үздік мақала» номинациясын Павлодар облысындағы «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Құндыз Қабылденова, «Сайттағы үздік мақала» номинациясын Астанадағы «Айқын» сайтының тілшісі Жадыра Мүсілім иеленді. Жеңімпаздар диплом, статуетка және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.

Сондай ақ Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлықпен Атырау обылысы Құрманғазы ауданының басылымы – «Серпер» газетінің тілшісі Әділет Қанат, Айнұр Сыдықова атындағы арнайы сыйлықпен Қарағанды облысындағы «Теміртау тынысы» гащетінің тілшісі Қалқаман Нұрлыхан, Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлықпен Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы «Шарайна» сайтының тілшісі Алтынай Жетпісбаева марапатталды. Жеңімпаздарға диплом және 100 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.

Алматыда өткен марапаттау рәсіміне республикалық және жергілікті БАҚ басшылары, елімізге танымал журналистер мен халықаралық БАҚ өкілдері қатысты.

«Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға 170-тен астам материал келіп түскен. Жыл өткен сайын байқауға қатысуға ниет білдірушілер қатары артып келеді.

«Түркітілдес журнаилстер қоры» ҚҚ Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында отандық БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылатын байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Related posts

Подростки являются представителями деструктивных организации

Назия Жоямергенқызы

TEKNOFEST-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

ttjk

The Black Sea highlands of Türkiye offer an unforgettable experience amid the nature  

ttjk