Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

Ташкенттен Астанаға бағыт алған жолаушылар автобусы Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы кезінде бұзылып, жолда қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жолаушылардың барлығы құтқарылғанын хабарлады. «Ауа райының күрт өзгеруі көптеген адамды жолда қалдырды. Ташкенттен Астанаға бара жатқан автобустың жолаушылары да күтпеген жерден жолда қалды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылынан 10 шақырым жерде болды. Жол жиегінде тұрған автобусқа аудандық полиция қызметкерлері көмекке келді. Олар жақын маңдағы елді мекенге 13 жолаушыны, сондай-ақ екі жүргізушіні эвакуациялады. Құтқарылған адамдарды тәртіп сақшылары ыстық тамақпен, уақытша жылы баспанамен қамтамасыз етті.

Related posts

Ауыр жүк көліктерін тіркеудің 677 фактісі анықталды

Назия Жоямергенқызы

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи түн

Назия Жоямергенқызы

Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді

Назия Жоямергенқызы