Дропперлердің құрығына ілінгендер кім?

Қаржы мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, елдегі «дропперлердің» 90 пайызы резидент емес адамдар. Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін биыл осындай 6,2 мың адамның картасы қолданылған.

«Мұндай карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Ақшаны заңсыз жылыстатқысы келгендер үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған», деп хабарлайды ҚМА.

Қаржы мониторинг агенттігі дропперлердің құрығына көбінесе жұмыссыз, студент, зейнеткер секілді адамдар ілінгенін келтірген. Осындай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес адамдар болған. Қазір олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына жіберілді.

Related posts

АТАУЫ БӨЛЕК АДАТЕПЕ

ttjk

Әзірбайжан: Азаттыққа апарар жол

editor

Түркия тұрақты туризмнің жаһандық үлгісіне айналды

Назия Жоямергенқызы