КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ ПӘТЕР ҰТЫП АЛДЫ

Степногорск қаласында жүргізуші болып жұмыс істейтін көпбалалы әке Halyk Bank-тен жаңа пәтер ұтып алды

Halyk Bank «Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» ауқымды акциясы аясында жеті пәтердің алғашқысын ойнатты. Естеріңізге сала кетсек, биыл ойнатылатын «Хан Тәңірі» ТК жеті алматылық пәтердің алғашқысының ұтыс ойыны «31 арна» эфирінде көрсетілді.
Нәтижесінде осы жылдың алғашқы жеңімпазы да анықталды – Степногорск қаласында жүргізуші болып жұмыс істейтін Виктор Покоев Halyk Bank-тен Алматы қаласында экологиялық таза ауданында орналасқан жаңа пәтердің иесі болды және төрт баланың әкесіне салтанатты түрде оңтүстік астанадағы пәтердің кілті табысталды.
— Шынын айтқанда Halyk Homebank-те онлайн кредит ресімдеп жатып, смартфон ұтып алғым келген. Сол себепті Алматыдан пәтер ұтып алдың деген хабар мен үшін күтпеген жаңалық болды, қатты таң қалдым, әрине, сосын өте қуандым. Отбасымның, балаларымның да қуанышында шек жоқ. Мен Halyk Bank-ке үлкен алғысымды білдіремін, себебі осындай науқандардың арқасында адамдарда пәтерге ие болу мүмкіндігі пайда болды. Бұл өте керемет мүмкіндік. Сондықтан мен барлығына өз мүмкіндігіңді сынап, осы науқанға қатысуға кеңес бергім келеді. Жыл аяғына дейін тағы 6 пәтер ойнатылатынын айтты. Әйеліме бөліп төлеу арқылы кір жуатын машина алғым келеді, енді Halyk Homebank-те бөліп төлеуді міндетті түрде ресімдеймін, мүмкін тағы ұтып қалармын.
Әрбір адам Алматы орталығынан жайлы пәтер ұтып ала алады. Ол үшін Halyk Bank-тен бір рет тиімді талаптармен кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу және науқанның бүкіл кезеңінде Halyk Homebank қосымшасы арқылы ай сайын қызметтер үшін төлем жасау жеткілікті. Неғүрлым көп төлем жасасаңыз, соғүрлым жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Науқанға қатысу үшін 2021 жылғы 11 мамыр мен 19 желтоқсан аралығында екі-ақ шартты орындау қажет:
1. 200 000 теңгеден артық сомаға бір рет кредит алу немесе бөліп төлеуді ресімдеу;
2. ай сайын Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден артық сомаға қызметтерді төлеу.

Halyk Bank-тен алғашқы теңдессіз науқан былтыр басталған. Ол жолы 3 пәтер ойнатылған. Үш ұтыс ойынына шамамен 150 000 адам қатысқан. Қатысушылардың үшеуі – Алматы облысының Ұлан ауылы, Қарағанды облысының Ақжарық ауылы және Шымкент қаласы мектебінің мұғалімдері жеңімпаз атанып, «Хан Тәңірі» ТК орналасқан пәтерге ие болды.
Сіз де өз арманыңызға қол жеткізудің жаңа мүмкіндігін пайдаланып, оңтүстік астанадан жайлы пәтер ұтып алыңыз. «Halyk Bank-тен ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» науқаны бойынша кредит алыңыз, Halyk Homebank қосымшасында қызметтер үшін төлем жасау да Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз! Кредитті ертерек ресімдесеңіз, пәтер ұтып алу мүмкіндігі жоғары болады.
Науқан туралы және кезекті ұтыс ойынның өтетін күні мен оның нәтижесі туралы соңғы жаңалықты Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz), Facebook парақшалары арқылы біле аласыз.

Related posts

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ ГРЭППЛИНГ ШЕБЕРЛЕРІ 3 ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Назия Жоямергенқызы

В Анкаре для меломанов музыки открывается новый Концертный зал

ttjk