ОРАЛДАҒЫ ІТ-ХАКАТОН

Оралда мүмкіндігі шектеулі жас IT-мамандарға арналған хакатон өтті. Іс-шара «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Хакатонның негізгі мақсаты – инклюзивті топпен бірге  IT технологиялар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешетін жаңа және ерекше жолдар ойлап табу.

««Шеврон» компаниясы Қазақстан азаматтарының шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға үлкен мән береді. Әлеуметтік инвестициялар аясында, біз жастардың барлық қабілеттерін жан-жақты ашуға мүмкіндіктер жасауға тырысамыз. Осы жобамыз жеттістіке толы және жастардың экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайтатынына сеніміміз мол»,» – дейді компанияның өкілі Жанар Кошпанова.

Байқауға жас кәсіпкерлер IT әзірлеушілер, инженерлер, ЖОО және колледж студенттері, сонымен қатар барлық деңгейдегі маркетологтар, дизайнерлер және менеджерлер қатысты.

Болашаққа деген жоспарын ІТ-хакатонның арқасында құрған Айбатырованың пікірінше, адам ең алдымен өз күшіне сену керек: «Мен хакатонға қатысу туралы ұзақ ойландым. Соңғы мезетте барып көрейін деп шештім, мен үшін мүмкіндіктері шектеулі адам және IT саласы бір-біріне сәйкес келмейтін ұғым болып көрінді. Іс-шараның басталғанына бір сағат өткеннен кейін, соңына дейін қаламын және Алматыда өткізілетін IT лагерге қатысу үшін  бар күшімді саламын деп шешім қабылдадым».

Бесінші  хакатонның және жалпы республикалық конкурстың нәтижесі бойынша 16 ең үздік топ 2019 жылы 2-6 сәуір аралығында IT саласы бойынша оқыту курсынан өтеді. Ол үшін Алматы қаласында «Тау Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде өткізілетін  IT лагерге жолдама алады, сонымен қатар жобаны дамытуға 2 000 000 теңге жалпы көлеміндегі грант беріледі.

Нәзия Жоямергенқызы

 

Related posts

БРАКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

ttjk

ULUSLARARASI TÜRK HABER KANALI (ITNC) KURULACAK

Назия Жоямергенқызы

«MANAS» HAVALIMANINDA UÇAK DÜŞTÜ