АНАШЫМ – АСЫЛ ЖАНЫМ

Бүгінгі мен сөз қозғайтын тақырыптың өзі ерекше. Ана. Ана деген ұғымды тереңнен алып қарасақ, АНА – ешкімге және ештеңеге айырбасталмайтын, ешнәрсе оған тең келмейтін асыл жан. Әлемдегі барлық өлең-жырдың көпшілігі аналарға арналған.

Мен үшін  АНАМ – өте қымбат жан. Тоғыз ай тоғыз күн құрсағында тасып, толғатып, маған осынау өмірді сыйлады. Мен ауырсам, сүрініп қалсам, ең алдымен анамның жүрегі ауырады. Бұл барлық баланың анасына тән қасиет. Сондықтан әрбір бала бұзық болмай, тек жақсы жағын көрсетіп, анасының мұң емес, қуаныш сыйлап жүру керек. Анамыз бізге бекерге ұрыспайды. Ол біздің ақылды, бақытты болғанымызды қалайды. Анаңды Меккеге жаяу арқалап апарсаң да, оның алдындағы балалық қарызың мен парызыңды өтей алмайсың. Сол үшін біз аналарға мәңгі қарыздармыз.

Ана үшін ең қымбат бақыт – балаларының көз алдында дені сау, аман-есен, күліп-ойнап жүргені. Өйткені бала ананың бауыр етінен жаралған. Өмір аналармен көрікті. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын»,  – деп отыратын – ана. Түн ұйқысын төрт бөліп, баласының тәтті ұйқысын күзетуден жалықпайтын да – ана.

Әр адамға өз анасы ыстық. Менің өмірімде ерекше орын алатын жан – Анамның әрқашан аман болғанын қалаймын. Жарық дүниені анамсыз елестете алмаймын. Бүкіл өмірі мен денсаулығын бізге арнаған менің анам таң атқаннан бізді мектепке шығарып салып, сабақтан үйге келгенде жадырап күтіп алады. Менің анам осындай керемет жан.

Нұрбақ Өмірзақұлы,

№128 М.Әуезов атындағы мектептің 5 «В» сынып оқушысы

 

Related posts

QAZFORUM-2021 БАСТАЛДЫ

ttjk

МИГРАНТ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЖАТ

ttjk

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛҚЫ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ttjk