Қорғаныс министрінің орынбасары: Сарбаздың сұрағанын бере бермеу қажет

Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев сарбаздың ата-анасы мен жақындарына  әскердегі балаларына ақша бермеу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметшілер ата-анасынан 3-2 мың теңге сұрайтын жағдайлар болады.

Алайда министрлік өкілі оның бәрін сол жердегі офицер немесе сержант алдырып жатыр деп ойлау дұрыс емес екенін алға тартты. «Иә, бізде бір жағдай болған. Бір офицер әскериден 3 мың теңге алған. Қазір сол әрекеті үшін офицер тергеу изоляторында отыр. Тергеу біткен соң Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартылады» деді ол. Жалпы әскерлердегі  сарбаз ата-анасынан 2-3 мың теңге сұрауына келсек, 18-19 жастағы жігіт дүкеннен заттарды сатып алғысы келеді. Олар әскери бөлімнің жанындағы дүкендерден заттарды сатып ала алады. Міне, осыдан ата-ана біреу баламнан ақша сұрап жатыр деген ой туындайтынын жеткізді.

Сондықтан министрдің орынбасары әскердегі сарбаздарға ақша бермеуге шақырды. «Әрбір мерзімді әскери қызметшінің киімі де, тамағы да бәрі бар. Егер ақша сұрайтын болса, оны беріп керек емес. Өзіне керек заттарды өз жалақысына алады. Егер (ақша) сұрау тағы көбейіп жатса, бәріңізде сол әскери бөлімнің командирлерінің, әскери полицияның телефон нөмірлері бар. Бірден сол жерге хабар беріңіздер», деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

 

Related posts

Ауруханадағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы қалай?

ttjk

100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елордатұрғындарының үйіне газ жүргізеді

ttjk

Алматы облысында комплаенс-офицерлерге арналған семинар-тренинг өтті

editor