Қазақстандықтар енді көлік нөмірін өздері таңдаса болады

5 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін өздігінен таңдауға болады.

Ведомствоның мәліметінше, халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленген.

«5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады.

Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)», — деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Фото: Nur.kz

Related posts

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады

ttjk

Қазақстандық суретшілер үшін үшінші YEMAA Artist Residence жазғы резиденциясына өтінімдер қабылдау басталады

Қоянбай ауылында 4G интернет желісі іске қосылды