Мемлекет басшысы Путинді тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Related posts

ӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СЕКТОРЫ СТАМБҰЛДА БАС ҚОСАДЫ

ttjk

Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастар жобасы сәтті жүзеге асырылды

editor

Аттракционнан әйел мен бала зардап шекті

editor