Сайлаудың 10 жаңалығы

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин парламент мәжілісі сайлауы жайлы 10 жаңалықтың тізімін ұсынды. Бұл ақпаратты ол өзінің Telegram каналында жариялады:

  1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);
  2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды;
  3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;
  4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;
  5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;
  6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;
  7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген графа енді;
  8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;
  9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;
  10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны – төртеу).

Еске сала кетейік, 19-қаңар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісін таратып, мәслихаттар жұмысын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, сайлау 19-наурызда өтеді.

Сурет: akorda.kz

Related posts

Әлемдік мұраны көрсететін мұражай: Эфес

Назия Жоямергенқызы

Атырау жастары шығармашылық және инновациялық ойлауды үйренді

ttjk

4 АҚПАН – ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

ttjk