Зеленский келіссөз үстеліне отыруға дайын

Украина президенті Владимир Зеленский  Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін мәлімдеді. 

«Егер бұл украиндар үшін бейбітшілікке қолжеткізудің жалғыз жолы және адамдарды жоғалтпаудың  конфигурациясы болса – әрине, біз бұған барамыз», деп жауап берген Зеленский ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбат барысында. Сонымен қатар ол бұл жағдайда Кремль басшысына деген жеке көзқарасы маңызды емес екенін атап өткен. «Мен оны жау санаймын. Ол да мені жау деп санайды деп ойлаймын» деп қосқан.

Қазір Зеленский Украина барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және миллиондаған адамды қолжетпеуі мүмкін нәтиже үшін құрбан ете алмайтынын жеткізген. Сондай-ақ Украина соғыста қаза тапқандар алдында берген антын бұза алмайтынын, Конституцияны өзгертіп, оккупацияланған жерлерді Ресейдің аумағы ретінде мойындай алмайтынын да жеткізген.

 

Related posts

Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

ttjk

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін салтанатты түрде табыстады

editor

Цифрлық аутизм: жаңа заман дерті ме?

Назия Жоямергенқызы