Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі Стокгольм мен Ослода жарияланады

Биылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі 6-13 қазан аралығында Стокгольм мен Ослода жарияланады.

Нобель қорының хабарлауынша, физиология және медицина саласындағы лауреаттың есімін 6 қазанда Каролинский институты жанындағы Нобель комитеті, физика және химия саласы бойынша — Нобель комитеттері жариялайды. Ал 7 және 8 қазанда Корольдік ғылым академиясының, 9 қазанда Швеция академиясы әдебиет саласындағы таңдаулары туралы айтады. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты 10 қазанда Ослода белгілі болмақ. Бұл марапатты Норвегиялық Нобель комитеті жариялайды.

Альфред Нобельді еске алуға арналған швед Риксбанк сыйлығының иегерін 13 қазанда Стокгольмдегі Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель экономика комитеті анықтайтын болды.

Related posts

HEALTH EXPO-2019

ttjk

Израиль Иранның әскери нысандарына соққы жасап жатыр

editor

АСЛАН ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ

ttjk