Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Шымкенттегі зират маңынан табылған

ІІМ мен ҰҚК бірлесіп заңсыз айналымнан қару-жарақты, соның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды анықтау және тәркілеп жатыр. 

ІІМ мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған. Бұл ретте соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан аса оқ-дәрілер табылып, тәркіленген. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылыпты. Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалған. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазір тиісті сараптамалар тағайындалған.

Биыл қаңтарда Шымкент қаласының шетінде зират маңынан қару жасырылған орын табылып, 4 тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленген. Олардың ішінде Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар. Қостанай облысында бұрын сотталған жергілікті тұрғынның жертөлесінен 3 Калашников автоматы тәркіленген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс ары қарай да тұрақты жүзеге асатын болады.

Related posts

Қарулы күштері жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі

editor

UNESCO Heritage Sites in Türkiye That You Should Know Better

ttjk

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды

Назия Жоямергенқызы