Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады.

Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестіңцифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегітамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгіндеата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттыңжұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланысалып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінінқадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады.

Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильдіқосымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelikплатформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіруқосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкілпроцесті айтарлықтай жеңілдетеді.

«Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалықызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерінкеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервис клиенттіктәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфетмәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына, порциямөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектепасханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялықреакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы дабар. Бұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осалтоптарындағы балалар) баласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алады.

Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша,қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ала алады.Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді.

Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%науқастану немесе басқа дасебептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтанужүйесінде әрдайым көрінбейді екен.

Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташа құны жалпыбюджеттен есептелетінін ескерсек, әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрд теңгеден 4,86 млрд теңгеге дейін жетуімүмкін.

Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтанудыұйымдастыру процесін автоматтандырады, оның ашықтығынайтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылауқұралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджеттің артықшығындалу қаупін азайтады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Halykоқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталғанKundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды.Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыруүшін Halyk Kundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімінынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.

2024-2025 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Үздік бағаларүшін бонустар» бағдарламасы одан да қызықтыынталандырулармен басталды. Енді 5-11 сыныпоқушыларында 10 балл үшін 100 бонустан басқа, Halykтан100 мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысумүмкіндігі бар.

Related posts

Көлік сақтандыру полисі қымбаттауы мүмкін

editor

АҚШ үкіметі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

editor

Геннадий Головкин жаңа лауазымға тағайындалды

editor