Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі

Halyk Bank және «Халық» қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады.

Еліміздегі ірі қаржы тобының басшылығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.

«Біз үйі мен мүлкінен айырылған, апаттан зардап шеккен азаматтарымызға шын жүректен жанашырлық танытамыз. Мұндай трагедияға бей-жай қарау мүмкін емес, осы ретте біз көмек қолын соза отырып, еліміздегі бұл қиын кезең мүмкіндігінше тезірек аяқталып, енді қайталанбайды деп шын жүректен үміттенеміз «, – делінген банк пен Қордың бірлескен хабарламасында.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында болған жаппай су тасқыны салдарынан осы өңірлердегі тұрғындардың үйлері су астында қалды. Бүгінде 12 мыңнан аса адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді.

”Халық банк” АҚ Баспасөз қызметі.

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Баспасөз қызметі.

Related posts

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ttjk

Қазақстандық маман IFSEC Global Influencers 2022 конкурсының жеңімпазы атанды

ttjk

Түркістандағы тарихи басқосу

ttjk