Ұлттық қорға 80 миллион доллар қайтарылды

Ұзақ жылдарға созылған Стати ісі бойынша дауларды реттеу нәтижесінде Қазақстанның Ұлттық банкі бұғатталған активтерді Ұлттық қорға қайтарды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бұл қаражат 10 жыл бұрын бұғатталған болатын

.»Мен бұл соңғы күндердегі жағымды жаңалық деп санаймын. Олар бұғатталғанын білесіздер. Бұл 10 жыл бұрын еді. Ұлттық қордың активтері 80 миллион доллар көлемінде бұғатталған болатын. Осы реттеудің аясында республика мен Стати тараптары арасында Ұлттық қордың активтері бұғаттан босатылды. 80 миллион доллар Қазақстанның Ұлттық қорының басқаруына қайтарылды», деді Тимур Сүлейменов.

 

Related posts

Жалағаш ауылында жемқорлардан алынған қаражатқа жаңа кешен салынады

editor

Мировые лидеры инсентив-туризма собрались в Стамбуле для глобальной конференции SITE

ttjk

Оңтүстік Корея президентінің көмекшілері отставкаға кетті

editor