«Түркітілдес журналистер қоры”ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды.

Аталған шараға Қазақстанның барлық облыс, аудандарымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерландтан түркітілдес БАҚ басшылары мен өкілдері қатысып жатыр.

Бүгін «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өтеді. Онда соғыс, табиғи апаттар кезіндегі журналистердің психологиялық ахуалымен қатар жасанды интеллектті журналистикада пайдалануға қатысты маңызды ақпараттар қамтылады.

Ал кешке қаржы тақырыбындағы «Еркін сөз» байқауы мен «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына жалғасады.
