Halyk Homebank қосымшасының QR-коды құжаттарды ХҚКО рәсімдеуге және мемлекеттік бажды кассаға бармай-ақ төлеуге мүмкіндік береді

 

Енді жеке басты куәландыратын құжаттарды алған немесе жаңартқан кезде, оларды ресімдегені үшін мемлекеттік бажды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) «бір терезе» қағидаты бойынша Halyk Homebank қосымшасының QRкоды көмегіментөлеуге болады.

       Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жекекуәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоқ, құжат алу немесе өтінім беру кезінде бір талон алып, Сізгеқызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан HalykHomebank қосымшасының QR-кодын пайдалана отырып, мемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.

       Қызметті Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет«мемлекеттік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды.

       Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайдаболды, өйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымалқызметтердің бірі: тек өткен жылдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданған. Бұған дейін келушілер қызмет үшін кассаның терезесіне бару арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп келген.

        QR-код арқылы төлеу өте ыңғайлы, тағы бір даусыз тиімді жері: Halyk Homebank қосымшасының QR-кодыментөлеген кезде комиссия жоқ, ал касса арқылы төлеген кезде белгілі бір комиссия бар. Бұдан басқа, Halyk Homebankқосымшасындағы QR көмегімен төлем қызметін пайдалана отырып, банк клиенттері жүзеге асырған әрбір төлем үшінжоғары бонустар алады.

          Halyk Homebank қосымшасының QR-коды көмегіменХҚКО жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке, Кондоминиум объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша қызметтерді және Мемлекеттік тізілімнен халыққа көрсетілетін басқа да қызметтерді қосымша төлеуге болады.

Сонымен, Halyk Homebank қосымшасы арқылы мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады:

Банк қосымшасына кіріп «QR» белгішесін іске қосыңыз
ХҚКО операторы мониторының экранынан QR сканерлеңыз және төлем жасау үшін Halyk Bankкартасын таңдаңыз
Төлем жасаңыз

Қызмет Қазақстанның барлық қалаларындағы ХҚКО клиенттері үшін қолжетімді.

Related posts

IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр

editor

Ветер Тюркского мира дул в Таврских горах!

ttjk

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады

editor