Жаңа өмір жаңа мүмкіндіктен басталады

Енді жас ата-аналар үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны ресімдей алады.

       Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің саны күн сайын артып келеді. Азық-түлік пен тамаққатапсырыс беру опоңай. Киноға, тіпті басқа елге бару үшін де билет сатып алу әлде басқа қалаға ақша қаражатын аудару, мұның барлығы қазіргі уақытта бірнеше түртумен орындалатын қызметтердің бірі. Ешқандай мәселе жоқ. Бастысы интернетке қосылған смартфоныңыз болсажеткілікті. Шынын айтсақ, электронды қызмет түрлері біздің өмірімізді қаншалықты жеңілдеткенін байқамай да қалдық. Мысалы, бірнеше жыл бұрын жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алу үшін ата-аналар әртүрлі бөлімдерден бірнеше анықтама жинап, содан кейін оларды әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдеріне өткізу, банк бөлімшесіне жүгіну керек еді. Барлық жерде кезек, жоғалған уақыт, артық шығын, жүйке…

        Жоғарыда айтылған қызметті телефоныңыздың көмегімен қашықтан қалай қолдануға болады? Halyk Homebank мобильді қосымшасы бала туу бойынша мемлекеттік жәрдемақыны онлайн ресімдеуге және алуға мүмкіндік берді.

     – Halyk Bank әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша негізгі оператор. Банктің мобильдік қосымшасында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тұтас модулі бар және жақында ол жаңа сервиспен толықтырылды. Атап айтсақ,жас ата-аналар Halyk Homebank қосымшасын пайдалана отырып, жәрдемақыны ресімдеп, қашықтықтан өтінімжолдау мүмкіндігін пайдалана алады. Ыңғайлы болу үшін атааналарға тиесілі екі мемлекеттік төлем – бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша біржолғы жәрдемақы төлемі бір өтінімге біріктірілген және бұл басқа платформаларда жоқ.

     – Halyk Bank Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мукушев жаңа қызмет туралы айтып берді. Жәрдемақы алуға өтінім беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, «бала тууы бойынша жәрдемақы» бөлімін таңдау, баланың деректерін растау және өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мақұлдағаннан кейін тағайындалған төлем сомасы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, қызметті бала туғаннан кейін бір жыл ішінде кез келген уақыттарәсімдеуге болады.

         Halyk Bank қазіргі уақытта қазақстандықтардың банкке бармай-ақ түрлі қызметтерді жедел әрі оңай қолдануы үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мысалы, Halyk Homebank қосымшасында автокөлікті қайта ресімдеу, жәрдемақыға арналған арнайы карта ашу, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін шот ашу, цифрлық құжаттар бойынша қызмет көрсету, ХҚКО QR-мен төлеу және басқа да пайдалы сервистер қолжетімді. Енді оларға «дүниеге келген балаға берілетін жәрдемақы» қызметі қосылды, оны тіркеу және қабылдау өте қарапайым әрі ыңғайлы, сондықтан бұл қызмет жас отбасылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады.

Related posts

Объявлен календарь соревнований ТЕКНОФЕСТ-2023

ttjk

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дағдарысқа қарсы біріккен жоспар қажет

ttjk

«Atlas taste» түрік десерттерінің тізімін жасады

ttjk