Халық банкінде 10 минутта есепшот ашыңыз

Кәсіп бастауға шешім қабылдаған кез келген азамат енді банк бөлімшесін араламайақ жұмысының көп бөлігін оңай әрі жылдам шеше алады. Яғни, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар бұрынғыдай ұзақ кезекте тұрмай, үйден шықпай-ақ, еш қиындықсыз шот аша алады. Ал пандемия кезінде бұл қызметтің танымалдылығы одан сайын арта түсті. Ендеше кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндік туралы ақпараттан құр қалмаңыз.

Кәсіпкерлер банк бөлімшесіне бару үшін өзінің басты жұмыстарын кейінге шегеріп, бизнесін ысырып қоюға мәжбүр, осылайша, табыс көзінен айырылады. Одан бөлек, белгілі бір банк операциясын жасау кезіндегі қағазбастылық, құжаттарды дайындау да адамдарды шаршататыны анық.

Осы орайда, Halyk Bank клиенттермен тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап қана қоймай, енді тұтынушылар қолайлығына назар аударуды жөн көрген. Осы мәселені цифрлы деңгейде сапалы түрде шешу жолында Банк кәсіпкерлерге су жаңа қызметін ұсынады. Бұл жеке кәсіпкерлерге арналған бірегей мүмкіндік —  онлайн шот ашу. Банк енгізген онлайн-онбординг жүйесі арқылы енді жеке кәсіпкерлер шотты жедел әрі сапалы түрде небәрі 10 минутта аша алады.

Онбординг дегеніміз — бөлімшеге келмей-ақ, банктен шот ашып, барлық қызметті қашықтан алу қызметі.

Бәрімізге белгілі, Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеу үшін компаниялардың есеп шоты болуы тиіс. Қызмет сапасы таңдаған банкке байланысты болмақ. Себебі банктер кәсіп жүргізгенде жеке шотты қолдануға тыйым салады. Кәсіпкерлер қаржылық-несиелік ұйымдармен серіктестік шарттарын заңды тұлғалармен бірлесе отырып, қарастырады.

Көптеген жеке кәсіпкерлерге қаражатты жіберіп, қабылдау үшін, шот керек және ол өз кезегінде адамды негізгі жұмысынан алаңдатпайтындай, ұзын-сонар кезекте күтіп уақыт алмайтындай, керісінше тез әрі жеңіл жасалуы тиіс.

Halyk Bank енді тек өз клиенттеріне ғана емес, кез келген тұтынушыға онлайн шот ашу мүмкіндігін ұсынады.  Ол үшін сіз тек қана видеотексерістен өтіп, банктің барлық тауарлары мен қызметтерін ала аласыз.

Halyk Bank ірі қаржылық институт бола тұра, жеке кәсіпкерлер үшін шотты онлайн ашуға мүмкіндік берген алғашқы банктердің бірі.

Шотты қалай ашамын?

Жеке кәсіпкер openaccount.onlinebank.kz сайтына кіріп, өз ұялы телефон нөмірін жазады, бұл нөмір электронды үкімет порталындағы мобильді азаматтар дерек қорына байланған болуы тиіс. Келесі қадам, электронды үкімет порталына тіркеліп, Onlinebank порталында тексеріс және тіркелу процесінен өту керек.

Онлайн шот ашу жобасын іске қосуда жаңаша банк атқарымдары, OAuth Egov.kz (ҚАТ АҚ), Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ),  Liveness онлайн видео тексеріс жүйелері қолданылды.

“Halyk Bank-те енгізілген және жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шотты Онлайн ашу-бұл әлемдік өлшем бойынша бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компоненттер іске асырылды, беделді консультанттар, Мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жұмысқа жаңа тәсілдер қолданылды.

Ең бастысы, Onlinebank қосымшасын жүктеу қажеттілігін атап өтейік, себебі банк қызметін сыртқа шықпай, осы қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.

Halyk Bank шағын және орта бизнес бойынша сату департаментінің директоры Альфия Жексенбай аталған жоба Қазақстанда теңдесі жоқ екенін айтады.

“Halyk Bank енгізген кәсіпкерлерге онлайн шот ашу қызметі — әлемдік өлшемдерге сәйкес жасалған бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компонент іске асырылды, беделді консультанттар, мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жаңа тәсілдер қолданылды”, — дейді маман.

Halyk Bank ұсынған онлайн шот ашу сапалы цифрлық сервисін кесіпкерлер қашықтан ала алады. Осылайша, қазақстандық банк заманауи тиімді әрі оңтайлы тәсілдермен отандық кәсіпкерлікті дамыта түспек.

Related posts

9-шы қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді сұраймын — Әлихан Байменов

ttjk

Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді

Cleanzone Middle East-2018

ttjk