ХАЛЫҚ БАНКІ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Халық банк 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады.

«Halyk пен Qazkom-ның бірігуінің аса күрделі процесінің аяқталғанына бір жыл болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Банк клиентке бағдарлау, клиенттерге қызмет көрсету сапасын және технологиялылығын арттыратын цифрлық сервистер мен үрдістердің әрі қарай дамуына, транзакциялық банкингтің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, Топтың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға шоғырланғанды болатын. Онымен біруақытта, HalykBank шекара сыртында да жоспарлы және нүктелі жылжып келеді, атап айтқанда, көршілес Өзбекстан нарығының жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын пайдаланып келеміз, — деп Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді, — Істелген жұмыстың нәтижесі есепті кезеңде базалық қаржы көрсеткіштерінің тұрақты өсімі, кредит қоржынының сапасын арттыру, халықаралық рейтингтердің өсуі болды, бұл қаржы институты дамуының сындарлы бағытын тағы бір рет растап отыр. Ұзаққа созылған позитивті тренд жаңа дивидендтік саясатты бекітуге мүмкіндік берді, бұл HalykBank акциялары мен ЖДҚ-ның баға белгіленуінің өсуіне жағымды әсер етті.».

Таза пайда 2018ж. 2-ші тоқсанында 24.1 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 89.7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл негізінен 2018ж. 2-ші тоқсанында қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған 28.5 млрд. теңге мөлшеріндегі залалдың нәтижесінде, сондай-ақ Халық банкіне қосылуына байланысты Казкоммерцбанктің (ККБ) 2018ж. 2-ші тоқсанында 43.3 млрд. теңге мөлшеріндегі мерзімі өткен салық активін тануды тоқтату есебінен болды.

Пайыздық кірістер негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтарының өсуі есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанындағы 171.0 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 179.9 млрд. теңгеге ұлғайды. Пайыздық шығыстар 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 0.6%-ға төмендеді. Таза пайыздық маржа негізінен пайыздық міндеттемелерді пайыздық активтерге орналастыру үлесін ұлғайту есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында жылдығы 5.1%-ға дейін өсті.

Клиенттерге берілетін заемдар бойынша тәуекелдің құны 2019ж. 2-ші тоқсанында ірі проблемалық заемдардың біруақытта өтеуіне байланысты 0.3% құрады.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер транзакциялық бизнестің, негізінен пластик карталары бойынша операциялар, сондай-ақ кассалық операциялар мен банктік аударымдар – есеп айырысу шоттары бойынша өсіп келе жатқан көлемнің нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 13.9%-ға өсті.
Интеграцияға дейін Банк пен ККБ-нің заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары арасындағы аударымдар сыртқы аударымдар ретінде қарастырылған және оларға тиісті комиссиялар қолданылды. Интеграциядан кейін осы ағымдағы шоттар арасындағы аударымдар ішкі аударымдар ретінде қаралуда, демек, тегін болып табылады. Нәтижесінде банктік аударымдардан – есеп айырысу шоттарынан алынған комиссиялық кірістер 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығыстар негізінен Банктің эквайрингтік желісіндегі басқа банктердің карталары бойынша операциялар санын арттыру есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 14.9%-ға артты.

Өзге пайыздық емес кірістер негізінен ҚРҰБ-нен свопты қайта бағалаудан ең төмен залалдың және «Halyk Life» АҚ еншілес компаниясының тартылған зейнетақы аннуитеттерінің санын арттыру нәтижесінде сақтандыру қызметінен ең жоғары кірістің есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанындағы 28.5 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 48.7 млрд. теңгеге дейін 70.8%-ға артты.

Операциялық шығыстар негізінен 2018ж. 2-ші тоқсанында 28.5 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған залалдың есебінен және ККБ-нің Халық банкіне қосылуынан болған синергетикалық әсерге байланысты шығындарды оңтайландыру есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 47.9%-ға төмендеді. Операциялық шығыстар 2019ж. 1 наурызынан бастап жалақы мен сыйлықақыны индекстеу нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 9.9%-ға өсті.

Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге арақатынасы 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында операциялық шығыстардың ең төменгі деңгейіне және операциялық кірістердің ең жоғары деңгейіне байланысты 2018ж. 2-ші тоқсанындағы 44.6%-бен салыстырғанда 22.3%-ға дейін төмендеді. Операциялық кіріс негізінен таза пайыздық кірістерді арттыру есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 4.1%-ға артты.

2019ж. 2-ші тоқсанында активтер негізінен 2019ж. 2-ші тоқсанындағы РЕПО операцияларынан қаражаттың ағылып келуі есебінен 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 1.1%-ға, 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2.2%-ға өсті.

2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда клиенттерге берілетін заемдар брутто негізде 2.0%-ға және нетто негізде 2.1%-ға өсті. 2019ж. 2-ші тоқсанында брутто негізде несие портфелінің ұлғаюы корпоративтік портфельдің (брутто негізде 1.1%), ШОБ портфелінің (брутто негізде 3.2%) және бөлшек бизнес портфелінің (брутто негізде 3.2%) ұлғаюына себепші болған.

2019ж. 2-ші тоқсанының аяғындағы жағдайға сәйкес Stage 3 коэффициенті корпоративтік және бөлшек бизнес заемшыларының берешектерін өтеу және бұрын құнсызданған берешектерін есептен шығару нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанының соңында 20.4%-дан 18.6%-ға дейін төмендеді.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары негізінен Банк клиенттерінің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қаражатты ішінара алып отыруы салдарынан 2018ж. аяғымен салыстырғанда 4.9% және 4.6%-ға қысқарды. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес теңгеге деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 50.3%-бен салыстырғанда 55.8% құрады, сол екі арада теңгеге деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 42.6%-бен салыстырғанда 41.8% құрады.

Кредит мекемелерінің қаражаттары негізінен РЕПО келісімдері бойынша қазақстандық банктердің заемдарының артуы есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанмен салыстырғанда 183.9%-ға артты. 2019ж. 30 маусымда Банктің қаржы институттары алдындағы 93.0% міндеттемесі қазақстандық банктердің заемдарынан (РЕПО келісімдері бойынша заемдарды қосқанда), экономиканың жекелеген секторларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тан 2014ж.-2017ж. тартылған заемдардан құралдған.

Толығырақ ақпарат www.halykbank.kz сайтында мына мекенжай бойынша:
https://halykbank.kz/about-bank/investoram

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR қызметі
тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Related posts

«ITeachMe». Инклюзивтілік пен IT

ttjk

27 YILDIR ERMENİ İŞGALİ ALTINDAKİ GUBADLI KENTİ KURTARILDI

ttjk

Dünya e-Basın Konseyi Birliği (DEBK) 3. Olağan Kongresi yoğun katılımla gerçekleşti

ttjk