Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц «Орталық Азия + Германия» екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, $2,3 млрд-ты құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64%-ға ұлғайып, $770 млн-ға жетті. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.

 

Related posts

“Rams Beyond Almaty” жобасының ерекше қонақпен өткен тұсаукесері

Назия Жоямергенқызы

Өткен жылы Алакөлде 100 мыңнан астам турист демалған

ТОРОСЛАРДА ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ САМАЛЫ ЕСТІ

ttjk