Германия канцлері «Ақордаға» келді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан Президенті мен Германия Федералдық канцлері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды.

 

Related posts

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Назия Жоямергенқызы

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдайды

Назия Жоямергенқызы

Алматыға тағы 6 мың камера орнатылады

editor