ҚР Президентін сайлауда қайдан дауыс беруге болатынын Halyk Homebank-те білуге болады

0
40 қаралды

2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. Halyk Bank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кезкелген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің нөмірі мен мекенжайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін HalykHomebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. Сервис Орталық сайлау комиссиясымен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ынтымақтастықта әзірленді

Қосымшада сайлау учаскесін іздеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Президентті сайлаусайлау учаскесін іздеу» батырмасын басу жеткілікті, содан кейін учаскенің нөмірімен мекенжайы автоматты түрде көрсетіледі. Егер учаске анықталмаса, тіркеу аймағын таңдап, кеңес алу үшін байланыс орталығының нөмірін біле аласыз.

Ақпаратты басқа адам үшін, мысалы, туысыңыз үшін білугеболады. Ол үшін оның ЖСН енгізу жеткілікті, сол сәтте учаскесі бойынша деректер көрсетіледі.

«Қазақстандықтардың көбі цифрлық қызметтерді белсенді пайдаланады. Бейінді министрлік ретінде біздің міндетіміз-отандастарымызға олар үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. Қазір Қазақстан президентінің алдағы сайлауына қоғамның жоғары қызығушылығын көріп, біз ОСК жәнесеріктесіміз Halyk Bank-пен бірлесіп банктің цифрлық платформасына жаңа сервис енгіздік. Бұл дауыс беруге қатысуғадайын адамдардың ыңғайлылығы үшін жасалған», – деп ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өтті.

«Біз ең өзекті және сұранысқа ие цифрлық қызметтерді ұсынамыз және көбінесе клиенттеріміздің сұраныстарынан озып кетеміз. Бүгін біз Halyk Homebank пайдаланушыларына сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін оңай білуге мүмкіндікберетін жаңа қызметті іске қостық. Банк клиенттердің ыңғайлылығы туралы ойлайды, сондықтан біз Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сайлау құқығын іске асырып, өз учаскесінтауып, ҚР Президентінің сайлауында дауыс беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.