ФРАНЦУЗДАРМЕН СЕРІКТЕСТІК

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан-Франция» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриестің басшылық етуімен «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында сауда және инвестициялар, энергетика және мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және басқа да салалардағы Қазақстан–Франция қарым-қатынасын нығайту мәселелері қаралды.

Анықтама: 2017 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 3,39 млрд АҚШ долларына тең болған (экспорт — $2,86 млрд, импорт — $535 млн), бұл 2016 жылға қарағанда 38%-ға жоғары ($2,45 млрд).

2005 жылдан бастап 2017 жылдың І жартыжылдығына дейін ҚР экономикасына француз инвестицияларының көлемі –  13,77 млрд доллар.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді және т.б. жалпы саны 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«МЕН ЖАУАП БЕРЕМІН»

Назия Жоямергенқызы

Антальяда GSTC тұрақты туризм конференциясы өтеді

ttjk

САТЫ – ҮЗДІК ТУРИСТІК АУЫЛ

Назия Жоямергенқызы