«ЕРКІН СӨЗ»-2019 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистер арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2019 шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

 

Биыл үшінші рет өткізілген Байқаудың сыйақы қоры — 4 миллион теңге. Бас жүлдеге тағайындалған қаржы — 700 000 теңге; бірінші орын — 300 000 теңге; екінші орын — 200 000 теңге; үшінші орын — 100 000 теңге.

Байқаудың басты мақсаты — мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, Қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

«Еркін сөз»-2019 байқауында «Үздік телесюжет» аталымы бойынша Бас жүлде Абай Сейфуллаұлы («Астана» телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды — Айбек Қосанов («Еуразия» телеарнасы»); екінші орынды — Әнуар Карбозов («Atameken Business» телеарнасы); үшінші орынды — Ришат Асқарбекұлы («Астана» телеарнасы) иемденді.

Биыл «Еркін сөз»-2019 байқауына сайттар мен газеттерден материалдар көп келіп түсті. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит т.б. мәселелерді қаузаған журналистер барынша белсенді болды. Сонымен «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаздар: Бас жүлде — Сәкен Орынбасарұлы («Заң» газеті), бірінші орын — Сарби Әйтенова «Жетісу» газеті); екінші орын — Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті); үшінші орын — Динара Жұмабекқызы («Орал өңірі» газеті).

Ал «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша үздік атанғандар: Бас жүлде — Аслан Қаженов (www.inbusiness.kz); бірінші орын — Айша Кеңесбай (www.kazislam.kz); екінші орын — Нұрдәулет Кәкіштегі (www.elorda.info.kz); үшінші орын — Жанбота Төлеген (www.informburo.kz).

 

Related posts

2022 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ МЕДИА ТРЕНДТЕРІ ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР БАС ҚОСҚАН ШАРАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ttjk

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты

ttjk

Легендарная оперная певица Бибигуль Тулегенова проголосовала на референдуме в Алматы