Ер адам көшеде саксофон ойнаған балаға оқ атты

Санкт-Петербургте 38 жастағы ер адам көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға оқ атты. Болжам бойынша, күдіктіге баланың өнері ұнамаған.

Жақын маңда тұратын ер адам көше музыкантын «жазаламақ» болып, пәтерінің терезесінен пневматикалық қарумен оқ атқан. Зардап шеккен 4-сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның иегінен оқты алып шықты.

Күдікті ұсталды. Одан «Макаров МР-654К» пневматикалық газ тапаншасы тәркіленді. Бұл дерек бойынша қару қолдану арқылы бұзақылық жасау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Басылым деректеріне сүйенсек, күдікті — Мариин театрының әртісі. Ер адам Қазақстанда туған. Театр сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ол труппаның «Миманс» құрамында өнер көрсетеді. Ресей азаматтығын 2008 жылы Татарстан Республикасында алған.

Еске сала кетейік, былтыр ресейлік БАҚ-та «Питер FM» радиостанциясының кеңсесіне кірген қазақстандық туралы ақпарат тараған еді. Ол өзін курьер ретінде таныстырған. Ер адамға қызметкерлердің жұмысына кедергі келтірді және пацифистік ұрандар айтты деген айып тағылған. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылған.

Tengrinews.kz

Related posts

Türkiye’s rich cheese culture captivates visitors

Назия Жоямергенқызы

ОПАСЫЗ ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІ: 2016 ЖЫЛҒЫ 15 ШІЛДЕ

Назия Жоямергенқызы

Халықтың табиғи өсімі артып келеді

editor