Елордада көктемгі ауқымды экологиялық айлық өтеді

2024 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» айлығы өтеді. Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі.

Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда.

Қала кәсіпорындарының, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерінің (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары және басқалар), оқу орындарының, еріктілер мен барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды экологиялық айлыққа қатысуға шақырамыз.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын орамішілік (үй маңындағы) аумақтарды тазалауға шақырамыз.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді тазарту, елдімекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ жолдарды ретке келтіру жөніндегі науқанды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Related posts

Түркияда 2024 жылдың алғашқы жартысында туризм кірісі жоғары көрсеткішке жетті

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯДАҒЫ ЗӘЙТҮН ЖИНАУ МАУСЫМЫ

editor

Halyk Bank және Visa Tap to Phone

Назия Жоямергенқызы