Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Келесі айдың 3-5 -і аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтеді.

Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады, атап айтсақ, олардың арасында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

Жарыс жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді. Арнайы шақырылған қонақтар арасында Германия, Грузия және Канаданың мәнерлеп сырғанау федерацияларының президенттері де бар.

Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ. Жарысқа  Астана қаласының әкімдігі және «Sportqory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетіп жатыр.  Жарыс кестесі ұйымдастырушының @denistenfoundation ресми аккаунтында жарияланады. Көрермендерге кіру тегін. Гала-шоудың билеттері жуырда сатылымға шығады.

Related posts

Әйгілі футболшының үстінен «қыз зорлады» деген айып тағылды

editor

Қыздарға күміс бұйырды

editor

Кураштан жеті спортшы жартылай финалға жолдама алды

editor