Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күні

қарсаңында Астанада осы ауыр дерттің алдын алуға және оған қарсы күреске арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылдануда.

«Жыл сайын елорда тұрғындарының 25%-дан астамы АИТВ бойынша тексеруден өтеді. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халықтың негізгі топтарының өкілдері сервистік үкіметтік емес ұйымдардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. Тестілеудің қолжетімділігі мен уақытына байланысты жағдайлардың 80%-дан астамы аурудың ерте кезеңдерінде анықталды. Уақытылы диагностика пациенттердің Қазақстанда тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапияға қолжетімділігін арттырады. Биыл біз халықтың негізгі топтарына профилактикалық қызмет көрсететін 4 ҮЕҰ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Жобаны іске асыру кезінде осы қызметтерге сұраныс туралы куәландыратын оң нәтижелерге қолжеткізілді. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық арқылы алдағы уақытта тиімділікке қол жеткізетінімізге сенімдіміз», – деп атап өтті Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Қанат Асқаров.

Ол сондай-ақ жақын арада Астанада АИТВ инфекциясы бойынша хабардар етуді арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу бойынша түрлі іс-шаралар өтетінін айтты.

«Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда ойын-сауық орталықтарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайда АИТВ-ға жедел тестілеумен ірі акциялар өтеді, жастар денсаулық орталықтарының еріктілерін жұмылдыра отырып, студенттер үшін акциялар, викториналар ұйымдастырылады. Онлайн-марафондар мен конкурстар, челлендж, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін қайырымдылық акциялары өтеді», – деп толықтырды Орталық басшысы.

Елордада АИТВ-ға жыл сайын 300 мыңнан астам адам тексеріледі. Мәселен, осы жылдың 10 айында 343 855 тест өткізілді, халықты тестілеумен қамту 25,4%-ды құрады. Бұл АИТВ-ның таралу көрсеткішін білу үшін жеткілікті.

«Кешенді көмектің маңызды және ажырамас бөлігі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу болып саналады. Вирус жұқтырған жүкті әйелдің антиретровирустық препараттарды қабылдауы сау баланың туылуын қамтамасыз етеді. Жоғары тиімді антиретровирустық терапияны енгізе отырып, біздің әйел пациенттеріміз дені сау бала туа алады. Сондай-ақ, халықтың негізгі топтарына профилактикалық қызмет көрсететін ҮЕҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде халықты әлеуметтік жұмыспен қамту мәселелері шешілуде», – деп қорытындылады АИТВ-ның алдын алу орталығының басшысы.

Соңғы 5 жылда АИТВ-мен байланысты өлім-жітім 2 есе азайды. Бұл көрсеткіш – Қазақстанда тегін ұсынылатын және диагноз қойылғаннан кейін бірден басталатын антиретровирустық терапияның қолжетімділігін арттырудың басты нәтижесі.

Related posts

Қазақстан: індетке қарсы күрес

ttjk

ЕР ЖӘНІБЕК КУБОГЫ

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ttjk