Бір әріптен кеткен қате зейнетке шыға алмауына себеп болды

Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасында тегінің қате жазылуына байланысты зейнетке шыға алмай қалған.

Облыстық соттың хабарлауынша, Жуалы ауданының тұрғыны 1985-1998 жылдары аудандағы «П» кооперативінде түрлі мамандықтар бойынша жұмыс істеген. Бірақ зейнетақы рәсімдеу кезінде Зейнетақы төлеу орталығы еңбек кітапшасында тегінің қате жазылуын негізге алып, зейнетақы тағайындаудан бас тартқан.

Облыс тұрғыны осы мәселе бойынша сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Жуалы аудандық соты оның өтінішін қарап, заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарп шыққан. Сот барысында еңбек кітапшасының өтініш берушіге тиесілі екенін растайтын архивтік анықтама ұсынылып, құжатта оның аты-жөні мен «П» кооперативінде жұмыс істеген жылдары көрсетілгені белгілі болды.

Сот талапкердің өтінішін қанағаттандырып, еңбек кітапшасының оған тиесілі екенін мойындады. Бұл шешім азаматқа зейнетақы рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Related posts

How would you like your coffee on December 5th, World Turkish Coffee Day?

Назия Жоямергенқызы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ ГРЭППЛИНГ ШЕБЕРЛЕРІ 3 ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Назия Жоямергенқызы

Халықтың жайын ойлаған кәсіпкерлікті қолдаған

editor