Жол сапасын бағалау талаптарын қайта қарау ұсынылды

Қазақстандағы тасжолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарау ұсынылып отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті маңыздағы жолдардың 87 пайызы қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Алайда Мәжіліс депутаттары жергілікті жолдардың тек 31 мың шақырымы немесе 44 пайызы асфальт-бетон жабындысымен қамтылғанын айтады. Ал қалған 39 мың шақырым немесе 56 пайызы қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындыларынан тұрады.

Сондықтан халық қалаулылары автожолдар сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды, қиыршық тас, шақпақтас және топырақ жабындысы бар жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп саналатын жолдар санатынан алып тастауды қажет екенін айтады. Бұл  жергілікті маңыздағы автожолдардың нақты жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ депутаттар  жергілікті техникалық қадағалау қызметтерінің әлсіз жұмысын сынға алды. Олардың жұмыс сапасына шағым әлі көп.  Себебі техқадағалау функциялары формалды түрде орындалады екен. Сондай-ақ ауыр жүк көліктерін бақылау жеткіліксіз, олар жолдың жүріс бөлігін бұзады. Бұл жүк көліктерінің салмақтық параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станциялардың қажетті санының болмауы да маңызды мәселеге айналып отыр.

Related posts

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді

Назия Жоямергенқызы

ИРАК ТҮРІКМЕНДЕРІ ДАИШ-ТІҢ МОСУЛДАҒЫ «ҚЫРҒЫН ҚҰДЫҒЫНАН» ТУЫСТАРЫНЫҢ МӘЙІТТЕРІНІҢ ШЫҒАРЫЛУЫН КҮТУДЕ

Назия Жоямергенқызы

ForteMarket серіктестер үшін комиссияны алып тастайды және жаңа клиенттерге 10 мың теңге береді

ttjk