БІЛІМ ШЫҢДАЙТЫН БАЙҚАУ

Өз білім деңгейін анықтап көру мақсатында «Достық» Білім беру орталығында электрондық форматта 10 сыныптар арасында «Алғашқы қадам сынағы» өтті.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық» Білім беру орталығында «Алғашқы қадам сынағы» өтті. Оған бірнеше ауданның 10 сынып оқушылары қатысты. 3 сағатқа созылған бұл сынақ өз нәтижесін берді. Сынақтан өткен әрбір оқушыға қатемен жұмыс жасау үшін «Жеке табель» мен «Тақырыптық анализдер» берілді. «Алғашқы қадам сынағын» жоғары деңгейде нәтиже көрсеткен білімді жастарға соңғы үлгідегі Iphone 11, Ipad, AirPods берілді. Iphone 11 иеленген жеңімпаз — Қазығұрт ауданы Тұрманова Айнұр, Ipad иеленген жеңімпаз Төлеби ауданынан Қарсыбаева Сұлуназ, AirPods иеленген жеңімпаз — Сарыағаш ауданынан Шақтыбай Аружан. Жеңімпаздардың айтуынша бұл сынақ ерекше және әділ өтті. Байқауда бақ сынаған оқушылардың барлығы «Достық» Білім беру орталығына өз алғыстарын білдірді.

ЖОЛДАН АРУЖАН

Related posts

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

«Тәуелсіз журналистика сенен басталады»

ttjk

SULPAK САПАҒА КӨҢІЛ БӨЛЕДІ