Аружан Нұрбегісқызы: «ЕРІКТІЛЕР ЕРЛІК ЖАСАДЫ»

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтерлер жылы деп бекітті. Бұл идеяны мамыр айында өткен Қазақстан- Ресей жастардың форум аясында Қазақстанның ұлттық еріктілер ұйымының төреағасы Варакин ұсынды. Қазір елімізде 50 мыңнан астам волонтердің басын біріктірген 200- ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Қайырымдылықпен айналысып, салауатты өмір салтын насихаттайтын ұйымдар, экологиялық еріктілер көптеп жұмыс атқарды. Бірақ, олардың өмірлік тәжірибесі түйіндемеде жазылмайды, жұмысқа орналасуына көмек бермейді. Жұмыс берушілер оны шарт ретінде қабылдамайды. Еліміздегі еріктілер саны 2-3 есе артып, ол қоғамның дамуына, жастарды тәрбиелеуге орасан зор үлес қосады. Осы орайда, Атырау облысы, Мақат ауданынындағы Хамза Санбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әрі жас волонтер Аружан Нұрбегісқызымен әңгімелескен едік.

– Аружан Нұрбегісқызы, қазіргі жастар волонтерлік қызметті қалай түсінеді?
– Қайырлы күн! Жалпы волонтёрлық қазақтың қанында бар қасиетқой. Себебі біздің қазақтай жүрегі кең халқымыз әрдайым көмекке дайын екендігін атам заманнан көрсетіп келе жатыр. Ал бүгінгінің волонтерларын жастар көзімен қарасақ бұл- көмек қолын созу, қайырымдылық жасау, асарлату. Аллаға шүкір қазіргі таңда волонтерлыққа деген көзқарас, қызығушылық өте жақсы. Бұл ерікті түрде жасалатын жұмыс.

– Аружан Нұрбегісқызы, ерікті тек кешенді жиын, келісті жарыстарда ғана емес, күнделікті тұрмысқа да әбден керек. Мысалы мұқтаж жандарға көмектесу. Бұл бағытта жалпы қандай көрсеткіштер бар?
– Елбасымыз осы жылды Волонтерлар жылы деп атаған сәттен кейін елімізде төтенше жағдай орын алды. Осы орайда, жалпы біздің ғана емес Қазақстанның түкпір түкпіріндегі волонтерлар жұдырықтай жұмыла білді. Аты жаман ауруға қарамасатан көптеген дүниелердің басында жүрді. Біздің АСАР волонтерлық тобы да қалыс қаламай үсті – үстіне маска тіктіріп, халыққа тегін таратты. Жағдайы төмен қаншама отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Тек Мақатты ғана емес Доссор кентінде қамтыды. Күні кеше ғана Мақатааралда орын алған жағдайғада бей – жай қарамай барымзша көмек көрсеттік. Біздің жұмысын осылай жалғасып жатыр. Әр барған отбасымыз ризашылықпен алғыс айтса бар шаршауымызды ұмытып та кетеміз.

– Қазіргі уақытта Атырау облысы Мақат ауданында еріктілер ұйымына кірген мүшелер саны?
– Қазіргі таңда Мақат ауданында бірнеше волонтерлық топ бар. Жалпы бастапқыда Мақат ауданы Жастар ресурстық орта басшысы Әсел Шайзадақызымен ақылдаса отырыпАСАР волонтерлық тобын құрған болатынбыз. Бұл волонтерлардан бөлек тағы да Үмітарт волонтерлық тобы құрылды. Жалпы бүгінде волонтерлық топтар бастау алып құрылуда. Ал санына келер болсақ 100 дің үстінде бар.

– Қазіргі уақытта сіз оқушы тәрбиелеп отырсыз, оқушыларыңыздан қандай үміт күтесіз? Сіздің жолыңызбен жүреді деген сенім бар ма?
– Иә, мен осы бір қиын да қызықты жұмысыммен ұштастырып волонтерлықты да қатар алып жүрмін. Мен тәлім беріп отырған оқушыларымада осы дүниені сіңдіре білсем мен үшін үлкен жетістік болар еді. Бар үмітім мен берген білімді дұрыс қабылдап, өмір жолында қолданса. Әрине олар әлі кішкентай алайда әр ұстаз өзі шәкіртінен зор үміт күтеді. Олар саналы түрде өсіп осы бағытқа бет алса нұр үстіне нұр болар еді. Болашақтан күтерім көп.

– Сіздің ойыңызша, еріктілер сауап іздегендер ме6 әлде қоғамда белсенді болуды мұрат еткендер ме?
– Өте керемет сұрақ. Жалпы расында да қазіргі таңда кері пікірлер өте көп. Жасаған істі рия етпеңдер дейтіндер де бар. Бірақ біздің қандай пейілмен жасап жатырғанымыз бір Аллаға аян. Себебі біз 50% ғана халыққа көрсетіп жасаймыз.
Мұндағы мақсат өзгелерді де қайырымдылыққа шақыру.
Ал көрсетілмей қанша дүние жасалып жатыр. Сондай дүние жасап жүрген жандар Алла разылығы үшін, халық игілігі үшін жүр деп зор сеніммен айта аламын. Біздің волонтерлар бұл іске келмес бұрында қоғам белсенділері болған. Әлі де солай. Әр саланың мен- мендегендері бас қосқан орта.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Балуанбаева Бибізайнап, Атырау облысы, Мақат ауданы, Хамза Санбаев орта мектебінің 10 «В» сынып оқушысы.

Related posts

ОҚУШЫЛАРЫМНАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІН

ttjk

Түркіге ортақ тіл қажет

ttjk

МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

ttjk