Бердібек Соқпақбаевтың зағип жандарға арналған кітабының тұсаукесері өтті

Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Оған Қазақстан, Ресей, Өзбектан, Қырғызстан, Татарстан зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханалар қатысты. Жиында жазушы шығармашылығының өміршең тұстары, кейіпкерлерінің ерекше портреті жайлы пікірлер айтылды.

Конференция аясында «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» атты көрме ашылып, оның нүктелі-бедерлі қаріпте басылып шыққан туындылары таныстырылды.

Сондай-ақ, Бердібек Соқпақбаевтың нүктелі-бедерлі қаріпте және аудио форматында жарыққа шыққан «Балалық шаққа саясат» кітабының тұсауы кесілді.

Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының көркемөнерпаздар ұжымы мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» әңгімесінен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Айта кетейік, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілген.

 

Related posts

A Museum Showcasing a Global Heritage: Ephesus

Назия Жоямергенқызы

Rio de Janeiro Vacations 2017: Package & Save up to $603

ttjk

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

editor