Аустриямен шарттық-құқықтық базаны кеңейту кеңесілді

Қазақстан мен Аустрия сыртқы саяси ведомстволары арасында бейнеконференция режимінде консулдық консультациялар өтті. Консультациялар барысында екі елдің дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату және адамдардың реадмиссиясы туралы келісімдер жасау мәселелері талқыланды.

Келіссөздерге еліміздің СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Аустрия СІМ Консулдық қызметінің бас директоры Георг Штильфрид және екі елдің ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Консультациялар нәтижесінде тараптар осы келісімдердің мәтіндерін келісу және оларға қол қою бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Related posts

ТҮРКИЯДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ

ttjk

Бесқарағайда туризм қарқынды дамып келеді

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

Назия Жоямергенқызы