БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғыны суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалып, алғашқы көмек көрсеткен.

21 сәуір күні Төтенше жағдай қызметкерлеріне құтқарушыларға суға батып бара жатқан бала жайлы хабар түскен. Құтқарушылар келем дегенше, баланы көршісі судан алып шыққан. Тұрғынның айтуынша, бала 7-8 метрге дейін жағадан ұзап кеткен. Оны судан алып шыққанда ес-түссіз жатқан көрінеді. Құтқарушылар зардап шегушіні Орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның денсаулығы мен өміріне төнген қауіптің жоқтығын айтты.
Баланы құтқарған жігіт Нұржан Рашидов Қ.Жұбанов атындағы  АӨМУ-нің 2-курс студенті екен. Төтенше жағдайлар комитеті оны батылдығы үшін марапаттап, Нұржанға Қ.Жұбанов университетінің «Жұбанов шәкіртақысын»  тағайындады.
Диана Болат.

Related posts

МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫНЫҢ ҮЛГІ КҮНТІЗБЕСІ

ttjk

Пәтер бағасы 15 пайызға қымбаттайды

editor

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

ttjk