«ҚАШЫҚТАН ОҚУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

Республикамыздағы төтенше жағдайға байланысты барлық білім беру ұйымдарына қашықтан оқыту жүйесі енгізілген болатын. Осыған сәйкес, Тасшағыл орта мектебінің тәлімгері Таспанова Сәндігүл Қанатқызымен мектептегі онлайн сабақтың  жай-күйі туралы әңгімелестік.

 Сәндігүл Қанатқызы, қашықтан оқытуды мектеп оқушылары қалай қабылдады ?

 Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланып, мектептегі оқу жүйесі үшінші тоқсан аяғында бір апта ерте аяқталып,  төртінші тоқсан 6 сәуірден бастап  қашықтан білім алуға көшті. Қашықтан оқыту оқушылар үшін жеңіл болған жоқ. Оқушылар үшін кедергі болған нәрсе, технологиялық құралдардың жетіспеуі және ғаламтор желісі мәселесінің ауылдық жерде қиындық тудыруы.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуы бойынша,  төтенше жағдайға байланысты жедел жұмыс тобы құрылып, жаңа модульде оқу технологиясы дайындалды. Сол оқу технологиясы бойынша сабақ процесі толық онлайн форматқа ауысты. Қазіргі уақытта оқушыларға қашықтықтан  білім беруді жүргізіп отырмыз.

 Ал, аталмыш оқу үрдісі сіздердің, ұстаздардың, оған қоса ата-аналардың тарапынан қиынға соқты ма? Өз әсеріңізбен бөліссеңіз…

Қашықтан оқыту үрдісінде оқушылармен қатар ұстаздарға да қиындық тудырды. Әсіресе,атап өткенімдей, технологиялық құралдардың жетіспеуі мен интернет желісінің нашарлығы. Мектеп әкімшілігі, ауыл әкімшілігі тарапынан қолдау тауып,  білім алушыларға және мұғалімдерге  ғаламтор желісі  мен 20-дан аса компьютер берілді.  Әрине, біздер, осындай қолдау арқасында оқу жүйесін қалыпқа келтірдік.  Әсіресе,ата-аналар жауапкершілік танытып,мектеппен тығыз қарым-қатынас  жасап отыр.

Еліміз білім берудің бұл жолын жетіскеннен таңдаған жоқ,төтенше жағдайға байланысты уақытша нәрсе. Меніңше, осындай жағдайда кері тартпай, қолда қандай мүмкіндік бар соны іске асыру керек.  Президент жалпы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма  берді. Бұл мәселе қазір ерекше бақылауда.

Шыны керек, мектеп қабырғасында білім алып дағдыланған оқушыларға бұл формат оңайға соқпасы анық. Сабақтың өту барысы қалай жүзеге асады ?

  Ұстаздар қауымы онлайн білім беруге әбден дағдыланды . Балаларға аптасына 5 күн сабақ кестесіне сай, екі ауысымда әр сабақ 30 минуттан өткізіліп отыр.  Bilimland, Daryn online, Kundelik.kz қосымшалары , «Балапан», «Ел арна» телеарналары арқылы видеосабақтармен оқушыларға түсіндірілуде. Бұл ретте, айта кететін жайт, бұл оқу жүйесімен  оқушы 100% білім алады деп айта алмаймын, өйткені, мұғалімнің көзқарасы арқылы алдында отырып, эмоциямен  сабақты ұғатын, соған үйренген оқушылардың  бірізділікке түсе алмағаны жасырын емес.

  Осы орайда, оқушылар арасында  мектепішілік онлайн шаралар өткізілуі  жайында кеңінен тарқатсаңыз…

   Мектепішілік онлайн шаралар өз қарқынымен өткізіліп жатыр, ата-аналар жиналыстары ZOOM бағдарламасы арқылы жүргізіліп, білім мен қатар тәрбие де рөл атқаруда. Тиісінше, онлайн форматта оқушылар арасында би, сурет байқаулары, көркемсөз оқу конкурстары, сонымен қатар Ұлы Абайдың  175 жылдығына арналған челлендждер ұйымдастырылуда. Тіпті, шәкірттеріміз сыныптастарына, мұғалімдеріне, алтын ұясына деген сағыныштарын бейнеролик арқылы білдіруде.

  Мектептегі қорытынды және мемлекеттік емтихандар жайы қалай болады?

 ҚР Білім және ғылым министрінің шешімі бойынша , 9 – 11 сынып бітірушілердің қорытынды аттестаттау емтихандары жылдық бағалау негізінде жүргізіледі.  Әр пәнге сәйкес, бітірушілердің жылдық  бағасы, емтихан бағасына қойылады.

          Сонымен, біздің ұстаздар мен оқушылардың қашықтан білім алу жүйесін меңгеру деңгейін қалай бағалайсыз?

          Біздің шәкірттеріміз бен ұстаздар қысқа уақыттың ішінде, әр мүмкіндіктен қол үзбей жаңа технологиямен білім алу жолдарын меңгеріп,  кері байланыс жасап сабақ мерзімімен жүргізілуде. Әрине, басымызға түскен індет біздің жаңашыл білім беру түрінің деңгейін де айқындап берді. Міне, барлығымыз ат салысып бірге жұмыс істеудеміз.

 Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен  Шұғыла ЕҢСЕП,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінің 1-курс студенті.

Related posts

Победители FameLab Kazakhstan

ttjk

Фаиг Бабанлы: Охотник должен обладать сильным предчувствием и энергией

ttjk

Астанада Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды

ttjk