АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

Азаматтық бақылау азаматтық қоғамда конституциялық құқықтардың сақталуына және мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау үшін қажет. Бұл — азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына жауапты бақылау.
Қазақстан қазіргі әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, демократиялық және нарықтық мемлекеттің дамуы тұрғысынан алғанда, азаматтық бақылау мәселесіне баса назар аударып отыр. Азаматтық бақылау саласы мемлекеттік және әкімшілік органдарға ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірдің көптеген салаларына: діни, медициналық, білім беру жүйесі және т.б. қамту керек.
Азаматтардың құқығын қорғау мәселесі де бұдан тысқары емес. Азаматтық бақылаудың бір көрінісі ретінде Жамбыл облысында орын алған қылмыстық оқиғаға сол өңір халқы бей-жай қарамай, қаршадай қызды өлтірген қылмыскерді табуды талап етіп отыр. Бүгінгі таңда оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған. Биліктің қызметіне азаматтық бақылау неғұрлым көп болса, онда билік халыққа қызмет ете алады, өйткені азаматтық бақылау биліктің қоғамдық мүддені сақтауына кепілдік беретінінің бірден бір көрінісі.


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (CISC) «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында еліміздің бірнеше облыс орталықтарында биыл тамыз айында мемлекеттік органдар халықтың қажеттіліктерін және олардың мәселелерін анықтау мәселесі бойынша мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен фокус топ отырыстары өткізілді. Жобаның мақсаты: Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу.
Жобаның міндеттері — бес әлеуметтік бастаманы іске асырудың қоғамдық мониторингін үйлестіру, халықты толғандыратын проблемалық мәселерді анықтау және шешу бойынша өңірлерде мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастыру.


Осы мақсатта Алматы, Тараз, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалаларында арнайы басқосулар болып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыға салынды.

Related posts

ТЕЛЕВИЗИЯНЫҢ ТАРЛАНЫ — КҮЛБАНУ ЖӘКЕНОВА

ПРЕЗИДЕНТ МӘЛІМДЕМЕСІ

ttjk

V ТҮРІК ФИЛЬМДЕРІ АПТАЛЫҒЫ

Назия Жоямергенқызы