HALYK BANK КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Оралдық зейнеткер Зубайда Қонақбаева Халық банкінде кепілсіз кредит ресімдеп «Toyota Camry 70» темір тұлпарын ұтып алды. Ұтыс ойынның жеңімпазы 15 тамызда кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен банктің желідегі ресми парақшасында тікелей эфир арқылы анықталды.

«Мен зейнеттегі адаммын. Шыңғырлау ауданы, Жеңішке ауылының орта мектебінде мұғалім болып еңбек еттім. Бес баланы тәрбиелеп өсіріп, өндірдім. Ауылдық елді-мекеннен осыдан алты жыл бұрын Оралға қоныс аудардық. Halyk Bank-тен кредитті Алматыға оқуға түскен немерем үшін алып едім. Ал бүгін тосын сый болып көлікке ие болып жатырмыз», – деді Зубайда Қонақбаева

Естеріңізге сала кетейік, ұтыс ойынның бірінші кезеңінің жеңімпазы Петропавл қаласының тұрғыны Надежда Федосова атанды. Ең алғашқы болып көлікті ұтып алған жеңімпазға Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауданында көлік табысталған болатын.

Halyk Bank ұсынған ұтыс ойынның ең соңғы кезеңі осы жылдың 15 қазанында әдеттегідей желідегі банктің ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде жариялайды. Бұл жолы ұтысқа жол талғамайтын көлік қойылды. Көлік ұтып алу үшін қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінен кепілсіз кредит рәсімдеу қажет.

Related posts

Халық банкінде 10 минутта есепшот ашыңыз

ttjk

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ЕРКІН СӨЗ»

ttjk

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты

ttjk