Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылаған форум өтті

 

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірлер онлайн қосылып, форумға Ішкі саясат басқармасының өкілдері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты.

Форумның мақсаты – Ассамблеяның 30 жылдық қызметін қорытындылап, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында жинақталған тәжірибені талқылау болды. Іс-шара барысында ҚХА-ның негізгі бастамалары мен жобалары таныстырылды.

Абай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Айрат Базенов форумда Ассамблея жұмысының ел алдындағы рөліне тоқталды.

— Біз бүгін Ассамблеяның 30-жылдығында атқарылған жұмысты қорытындыланып, халыққа ұсынылғанына куә болдық. Біздің мемлекет әр ұлттың мәдени, тілдік және діни ерекшелігіне құрметпен қарауды ең жоғары құндылық ретінде қояды. Ассамблея жанындағы бірлестіктер – еліміздегі барлық этностарға өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтап, дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Барлық ұлттың өз ерекшелігін еркін сақтай алу мүмкіндігі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ең басты еңбегінің нәтижесі, – деді спикер.

Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік, татулық және азаматтық келісімнің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Related posts

Қазақстан туризмін дамытуда медиа мен әлеуметтік желілердің рөлі

Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

Назия Жоямергенқызы

Тарихтағы тұңғыш қазақ: 17 жастағы Дастан Сәтпаев Копенгагендегі ойында жаңа межені бағындырды

Назия Жоямергенқызы