Австрияға тікелей рейс ашылады

Scat әуе компаниясы 2025 жылы Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейстерді іске қоспақ.

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», — деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті. Сондай-ақ тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғаған.

Related posts

Президент жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

editor

Hotel Guide | Top 10 Beautiful Hotel in Phangan, Thailand

ttjk

Бөтеннің қаржысын жымқырған бухгалтер Түркиядан экстрадицияланды

editor