Австрияға тікелей рейс ашылады

Scat әуе компаниясы 2025 жылы Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейстерді іске қоспақ.

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», — деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті. Сондай-ақ тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғаған.

Related posts

Күшіміз бірлікте: Halyk Bank басқа екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмектесуде

ttjk

Türkiye sets a global example of sustainable tourism

Назия Жоямергенқызы

Алматы қаласындағы Әуезов ауданы жаңарып келеді: абаттандыру, көгалдандыру және жайлы өмір сүруге арналған жаңа кеңістіктер

Назия Жоямергенқызы